Назарбаев БАҚ-ты қорқытатын шенеуніктерге шүйлікті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Назарбаев шенеуніктерді сынайтын БАҚ өкілдеріне қысым жасауды тоқтатуды талап етті

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының ақпараттық стратегиясын өзгертуді тапсырды. Осы орайда тұңғыш президент редакторларды қорқытатын шенеуніктерге шүйлікті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Өз сөзінде тұңғыш президент партияға қарасты бұқаралық ақпарат құралдарының сылбыр жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Орталық телеарналар өзекті деген мәселелерді көтермейді. Біреудің жолын кесіп кетуге қорқады.


©
Sputnik / Стрингер.

«Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы

«Бұрын редакторлар жаман мақала жазамын деп, әкімдерден ақша талап ететін. Қазір, керісінше, әкімдер редакторларға қоңырау шалып, ананы істесең, мынан істесең, таныстарым арқылы сені жұмыстан шығарып тастаймын дейді. Біз ол жайында білеміз. Мен нақты тапсырма беремін. Енді, тағы бір рет осындай жағдай қайталанса, кім болса да, қандай қызметте отырса да, жұмыстан босатамыз», — деді Назарбаев «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Тұңғыш президенттің айтуынша, шенеуніктер редакторларға қысым жасап, сыни мақалаларды барынша шығармауға тырысады. Содан қоғамның санасында баламалы шындық қалыптасады.

«Nur Otan» өзінің ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарап шығу қажет. Партияның бұқаралық ақпарат құралдары шынайы әрі шұғыл ақпараттың көзіне айналуы қажет. Халықтың сеніміне ие болуы шарт», — деп атап көрсетті Назарбаев.

Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев интернет пен әлеуметтік желілерде проактивті түрде жұмыс істеу керектігін жеткізді. Ол үшін дарынды адамдарды тартып, лайықты жалақы төлеу керек. Сөйтіп, ақпараттық кеңістікте батыл әрекет жасаған жөн. Бұдан бөлек, ол «Nur Otan» партиясына адамға жала жапқаны үшін жазаны күшейтуді тапсырды.

Айта кетейік, елордада Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысумен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияны қайта жүктеудің негізгі бағыттары талқыланып, саяси кеңес бюросына жаңа мүшелер қабылданды.



sputniknews.kz


Тегтер:Назарбаев