Home Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев елді дүрліктіріп жүрген мәселеге нүкте қойды

Нұрсұлтан Назарбаев елді дүрліктіріп жүрген мәселеге нүкте қойды

0
119

Саясат

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Елбасының айтуынша, саясатты бірінші орынға қойған кезде, қоғам жікке бөлінеді

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Барлық сайлау Контитуцияда көрсетілген мерзімде өтеді. Бұл туралы бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елбасы елдегі саяси тұрақсыздықтан, ең алдымен, қарапайым халық зардап шегетінін айтты. Экономика құлдырайтындықтан, азаматтардың әл-ауқаты нашарлайды.

Тағы оқыңыз: Назарбаев «өзі түк бітірмей, тек талап ететін» зиялы қауымды сынап тастады

«Тәртіп болмаған жерде билік жоқ, мәселе шешілмейді. Әр адамның, елдің қауіпсіздігіне қатер төнеді. Экономиканың өзекті проблемаларымен айналысуға уақыт жоқ. Үнемі дүрліктіріп жүретіндерге тағы бір мәрте айтқым келеді: сайлау Конституцияда көрсетілген мерзімде өтеді. Осымен бұл тақырыпты жабайық», – деді Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, саясатты бірінші орынға қойған кезде, қоғам жікке бөлінеді.

«Бұл елді тұтастықтан, тіпті тәуелсіздіктен айыруы мүмкін. Қазір мен алыс-жақын көршілерімізді мысалға келтірсем, біреу-міреу ренжуі мүмкін. Сондықтан үндемеймін. Сіздер сауаттысыздар, не болып жатқанын білесіздер. Бізге олай істеуге болмайды. Біздің қоғам мұны көтере алмайды. Барымыздан айырылып қаламыз», – деді Елбасы.

Nur Otan партиясы осыны түсініп, халыққа түсіндіруі керек, деді ол.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Тоқаевпен не жөнінде келіскенін айтты

«Қазір үкімет, барлық билік партияның сайлау алдында берген уәделері мен сайланған президенттің ұсыныстарын білек сыбана іске асыратын уақыт. Міне, біздің партияның жұмысы осыған бағытталуы тиіс», – деді тұңғыш президент.



sputniknews.kz