Назарбаев: 500 мың айлықпен ипотека төлеу тиімсіз емес — новости Казахстана

0

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында тұрғын үй мәселесін көтерді. Мемлекет басшысы осы уақытқа дейін де болғанын, алдағы уақытта да мемлекет қазақстандықтардың үй алуына көмектесетінін түртіп өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: politeka.net

Фото: politeka.net

Банктердің ішіндегі басты индикатор Ұлттық банкте мөлшерлеме өлшемі 12,5 пайызды құраса, қазақстандықтар «7-20-25» бағдарлмасы арқылы үйді 7 пайыз айырмашылықпен ала алады. Ал қалған 5,5 пайызды мемлекет өз қолына алады.

«Санау бойынша, егер пәтер 10 млн тұратын болса, отбасы ай сайын 50 мың теңге төлеуі қажет. Алайда, қазір қазақстандықтар орташа есептегідей 500 мың жалақы алса, оның 50 мың теңгесін ипотекаға төлеуі аса қатты тиімсіз емес», — деді Назарбаев.

Сондай-ақ, президент Қазақстанда өткен жылы 11 млн шаршы метр тұрғын үй салынғанын айтты.

«Келесі жылы 12 млн шаршы метр, яғни 100 мың пәтер салынады деген сөз. Санайтын болсақ, келесі жылы жарты миллион Қазақстан азаматтары жаңа үйге қоныс аударады», — деді ол.