Навальныйдың жақтасы Волковқа «билікті қорлады» деп хаттама толтырды

0
74

Ресейдегі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтасы, митинг өткізу ережесін бұзды деп 20 күнге қамалған Леонид Волковқа билікті қорлады деп хаттама толтырды. Бұл туралы Коррупциямен күрес қорының директоры Иван Жданов өзінің Facebook парақшасына хабарлады.

Хаттама толтыруға биыл 23 сәуірде сот алғаш рет «билікті қорлау» бабы бойынша қозғалған істе шешім шығарғанда Волковтың Twitter-де жариялаған жазбасы себеп болған. Ол «Путин – таңғажайып *******» деп жазған азаматқа қатысты сот қаулысы. Тыңдап көріңіздер. Сөз жоқ, заманымызды маңызды құжаты» деп жазған.

Сот сараптамасы Волковтың сөздерінде «семантикалық жағынан негативті компонент» барын анықтаған. Тексеруге қарағанда, боғауыз сөз Ресей президенті Владимир Путинге «теріс баға беруге қолданылады».

Путин «билікті қорлағандарға» айыппұл мен қамау жазасын қарастыратын заңға 18 наурызда қол қойып, құжат 29 наурызда күшіне енген. Заңды бұзған азаматқа 100 мың рубль (бір жарым мың доллардан көп) айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау жазасы тағайындалады. Қайтадан заң бұзған жағдайда айыппұл мөлшері 200 мың рубльге (үш мың доллардан аса) дейін көбейеді.

Azattyq