Навальный: Алда-жалда болып кетпес үшін айтайын. Абақтыда өзіме қол салу мүлдем жоспарымда жоқ

Сурет: https://www.instagram.com/p/CKG-CmKFz6B/
Абақтыға 30 тәулікке қамалған Алексей Навальный күні кеше алаңға шығып, өзіне қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтты. Сондай-ақ, ол өлім туралы мүлдем ойлап жатқан жоқ екенін жеткізді.
«Алда-жалда болып кетпес үшін айтайын. Терезеге асылып өлу, тамырымды кесіп жіберу, қасықты қайрап тамағымды кесу менің жоспарыма кірмейді. Баспалдақпен абайлап жүріп жүрмін.
Күнде қан қысымымды өлшеп жатыр — ол тура ғарышкерлердікіндей, яғни аяқ астынан жүрегім тоқтап қалуы мүмкін емес. Самогон ішпеймін, рафаэло да жеп жатқан жоқпын.
Психоэмоционалдық жай-күйім толықтай тұрақты. Түрменің сыртында көптеген жақсы адамның барын және маған көмек келетінін жақсы білемін», — деп жазды оппозиционер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ол сондай-ақ, Путин туралы шығарған фильмін ешкім көрмей қоя ма деп уайымдағанын жасырмады.
Оның әйелі де тұтқындалғаны туралы хабар тарады.