Home Жаңалықтар Динара Рахымбаева тыржалаңаш суретін жариялады. Желідегілер ұрысып жатыр

Динара Рахымбаева тыржалаңаш суретін жариялады. Желідегілер ұрысып жатыр

0
2317
Сурет: instagram.com/dinara_rkh

Қазақстандық «Барби» Динара Рахымбаева әлеуметтік желіге жалаңаш түскен фотосын жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көпшілік арасында кеңінен танымал Рахымбаева суретін Instagram желісіндегі парақшасында бөліскен.

«Әйел – жер бетіндегі ең керемет және мықты жаратылыс», – деп жазған ол.

Блогердің бұл фотосы желі қолданушыларының пікірін екіге бөлді. Бірі Рахымбаеваның талдырмаш мүсініне таңданып, суретті ғажайыпқа теңесе, енді бірі оны жерден алып, жерге салған.

«Суретті салмас бұрын қанша уақыт ойландыңыз?», «Сенен үлгі аламын», «Адамға ешкім көңіл аудармаса қиын», «Суретті салған сіз, сіз үшін адамдар ұялып отыр», «Әдемі емес», «Кішкене шектен шығып кеттіңіз»,

«Әкеңіз желіде отыра ма?», «Сіздің парақшаңызға не себепті жазылғанымды білмеймін, еш қызықтырмайсыз», «Нағыз масқара ғой», «Бұл енді тіпті ұят», «Әйелдің тәні- нағыз керемет нәрсе. Мойындаймын» деп жазды олар.