Наурыз мейрамында жалаңаштанып тамақ пісірген қыздар сотталды – видео
21 наурызда әлеуметтік желіде Өзбекстандағы «Сахара» түнгі клубында бір топ әйелдің жартылай жалаңаштанып сумалак пісіріп жатқаны туралы видео тарады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан сайты.
Мерекелік тағамды әзірлеу процесінің бейнежазбасы әлеуметтік желіде жарияланды.
Хорезм облыстық телерадиокомпаниясының репортажында видеоға түсірілген жағдай «өзбек ұлтының, өзбек әйелінің ар-намысына тиетіні» айтылған.
Кейінірек «Сахара» түнгі клубының қызметкерлері халықтан кешірім сұрады.
«Кешірім сұраймыз, білместіктен істедік», — дейді видеодағы қыздар.
23 наурызда Үргеніш қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты іш киіммен сумалак пісірген алты әйелге қатысты шешім шығарды. Әкімшілік іс қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен қаралды.
Сот үш әйелді Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп тауып, ең қатаң жазаны таңдады – олар 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Жаза 23 наурыз сағат 11:30-дан бастап есептеледі.
Тағы үш әйелге 1,22 миллион сум (49 000 теңгеге жуық) айыппұл салынды. Сот олардың балалары бар екенін ескерген.
Айта кетейік, сумалак – Наурызда өзбектердің сүйсіне әзірлейтін, тамсана жейтін асы. Әрі пайдалы, әрі дәмді, әрі денеге қуат беретін бұл тағам Қазақстанда аса танымал емес.