Наурыз мейрамында астаналық азамат етке қақалып, қайтыс болды

0

22 наурызда полицияға Ақмола облысы Сандықтау ауданының ауылдарының бірінде астаналық азаматтың қаза тапқаны туралы учаскелік полицияға хабарлама келіп түсті. Куәгерлер оның ет жеп, тұншығып қалғанын айтты.

Алдын ала болжам бойынша, өлім тыныс алу жолдарында тұрып қалған тағамға байланысты механикалық асфиксия нәтижесінде пайда болды. Астаналықтың қаза болуының нақты себептерін сот-медициналық зерттеу анықтайды. Полиция тексеру жүргізеді.