Кәмелетке толмаған үш баласын пышақтап өлтірген әке туралы тың деректер пайда болды

0

Ақтауда кәмелетке толмаған үш баласын өлтірген әке туралы тың деректер пайда болды, — деп хабарлайды Kznews.kz порталы Arbat.media сайтына сілтеме жасап.

1986 жылы туған Ж. есімді азамат 2011, 2014, 2016 жылғы балаларын пышақтап өлтірген еді.

Arbat.media дереккөзінің айтуынша, балалардың әкесі теріс діни ағымда болды деген болжам бар

«Иә, мен оны танитынмын. Бір мектепке оқыдық. Бейнеуден болатын. Оның бұл қадамға неге барғанын қайдам, бірақ ол теріс діни ағымды ұстанатынын жақсы білемін», — деп белгісіз азамат Arbat.media сайтына пікір білдірген.

Фото: total.kz