Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады. Жаңалықтарға шолу
Өрттен бес бала қайтыс болды
Қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түні Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орналасқан уақытша баспанада (времянка) болған. Өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндіру қызметіне сағат 02.34 кезінде жеткен. Өрт сөндірушілер жалынды бір сағаттан соң сөндірген. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған балалардың денесі табылған. Олардың ата-аналары түнгі жұмыста болыпты.
Зардап шеккен отбасыға əкімдік көмек көрсетеді. Астана қаласының əкімі Б.Сұлтанов қайғылы оқиғаға байланысты төтенше жағдайлар департаментіның жұмысын сынға алды.
Халыққа қызмет көрсету орталық қызметкерлерінің жалақысы өсті
Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы қызметкерлердің жалақысы 3 қаңтардан бастап 15 мың теңгеге, облыс орталықтарындағылардікі 10 мың теңгеге, басқа қалалар мен өңірлердегі қызметкерлер жалақысы 5 мың теңгеге көтерілген. Сала мамандарының жалақысы 2012 жылдан бері өзгермеген екен. Электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтің саны артқандықтан орталық қызметкерлерінің санын қысқарту жоспарда жоқ.
2040 жылға қарай обырға шалдыққандар саны екі есеге артады
Немістің Онкология Ғылыми зерттеу институтының жетекшісі, профессор Михаэль Бауманн осылай мəлімдеді. Былтыр әлемде 18 млн адам осы ауруға шалдыққан. 4 ақпан – дүниежүзілік ракқа қарсы күрес күні.
Қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалады
Халықаралық əйелдер күнінен орай 8-10 аралығында 3 күн, Наурыз мерекесіне орай 21-нен 25-не дейін бес күн демалыс.
Халыққа берілген несие мөлшерлемесі былтыр екі пунктке төмендеген
Несиенің пайыздық мөлшерлемесі 2018 жылы 19,2%-дан 17,2%-ға төмендеген. Ал, жылдық инфляция көлемі 1,8%-ға түскен. Бұл туралы қаржыгерлер қауымдастығынан хабарлады. Өткен жылы 13,5 трлн теңгеге жаңа несие берілген. Бұл былтырмен салыстырғанда 24,4%-ға көп.
Браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспектор марапаты
Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін «Охотзоопром» кəсіпорнының инспекторы, марқұм Е. Нұрғалиевке ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды.
Президент жарлығына сәйкес, әріптесімен браконьерлерді тоқтатпақ болған инспектор Петр Ницыкке де дәл осындай орден берілді.
Baq.kz: Алдағы күндері -45°С дейін аяз болады. Синоптиктер 5-7 ақпан аралығында күннің қатты суытып, кей облыстарда -45°С дейін аязды болжайды. Қазақстанға арктикалық ауа массалары таралып, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарына -35…45°С қатты аяз әкеледі. Бұл оңтүстік облыстарға дейін таралып, мұнда ауа температурасы кей жерлерде минус 22…30°С дейін төмендейді.
Kaztrk.kz: Жемқорлыққақ қарсы іс қиымыл Ұлттық бюросы қызметкерлерінің жалақысы еке есеге көбейді. Орташа алғанда сала қызметкерлерінің айлығы 350-450 мыңға жетті. Қазір мекемедегі трансформация процесі бойынша кадр, заң және қаржы-шаруашылығы қызметі орталықтандырылады. Нәтижесінде, әкімшілік шығындар 1 миллиард теңгеге қысқарып, бұл қаржыға 1120 қызметкердің жалақысы өсті.
Inform.kz: Былтыр 37 мың адам автокөлік жүргізу құықығынан айрылған. Былтыр 25 мың автокөлікті мас жүргізу дерегі анықталған. Бұдан бөлек жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны үшін сот 3,2 мың адамды әкімшілік қамауға алды. 171 жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзғаны тіркелген.
Дереккөз: https://informburo.kz