Елордалық полицейлер көліктегі заттарды тонаумен айналысқан үш адамды ұстады

0

Ұсталған азаматтар бұған дейінде сотты болған.

Елордалық полицейлер балалар мекемесінің жанында қалдырылған автомашиналардан бірнеше рет ұрлық жасады деген күдік бойынша үш ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында балалар балабақшасының жанында автомашиналардан бірнеше рет ұрлық жасаған үш ер адамды құрықтады.

Аталған деректер бойынша, елорда тұрғындары автомашинаның салонынан құжаттар мен ақша салынған сөмке ұрланғаны туралы полицияға арызданды. Күдіктілер жымысқы әрекеттерін әйел адамдар балабақшаға балаларына кеткен кезде көлік терезелерін сындыру арқылы жасаған.

Бұрын ұрлық үшін жауапқа тартылған күдіктілер Астана қаласы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды және сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жәбірленушілер одан да көп болуы мүмкін. Полицияға арызданбағандар да бар шығар.

Полиция қызметкерлері аталған тұлғалардың қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарға Бейбітшілік даңғылы,19 мекен-жайы бойынша Астана қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-61-71; 71-62-47; 87021111441 телефондарына немесе «102»-ге хабарласуды сұраймыз.

Аталған жағдайларға тап болмас үшін полиция қызметкерлері қарапайым сақтық шараларын сақтауды, яғни қылмыскерлердің назарын аударатын автокөлікте сөмкелерді, құжаттарды, аппаратураны, өзге де бағалы заттарды қалдырмауды ұсынады. Ұрлық жасамақшы болған кезде терезеңізді сындырады немесе құлпыңызды бұзады. Көліктен аз ғана уақытқа шықсаңыз да есігіңізді немесе терзеңізді ашық қалдырмаңыз, дабыл орнатыңыз. Егер де автокөлігіңізді қалдырған жағдайда күзетілетін тұрақта немесе бейнебақылау камералары орнатылған аумақта қалдырыңыз.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/