Наталья Годунова жаңа қызметке келді
Наталья Годунова Жоғары аудиторлық палата басшысы қызметінен кеткеннен кейін жаңа қызметке тағайындалды, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Наталья Годунова «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұлттық компаниясының тәуелсіз директоры болды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жалғыз акционерінің 2024 жылғы 4 сәуірдегі шешімі бойынша, Наталья Николаевна Годунова «ҚТЖ» ҰК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып сайланды», — делінген ұлттық компания хабарламасында.
Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, компанияның директорлар кеңесі енді 9 адамнан тұратыны атап өтілді.