Мысық қыздың көз жасын сүртеді – видеоны жарты миллионнан аса адам көрді

0
84

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Мысық аяғымен баланың жүзін өзіне бұрып, бетін сипалайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Жылап жатқан қызды жұбатқан мысық желі қолданушыларының көңілін босатты.

Кішкентай қызды біреу қатты ренжітіп қойса керек, кереуетте жылап жатады. Дегенмен оның жүндес досы дереу көмекке келген. Мысық аяғымен баланың жүзін өзіне бұрып, бетін сипалайды.

Қыз тыныштала қоймайды, сосын оның кеудесіне шығып, «жылама, мен сенімен біргемін!» деген секілді ишара білдіреді.

Мұндай адал досың болса, ешқандай қиындық қорқынышты емес. Интернетті шарлап кеткен видеоны тамашалаңыздар.



sputniknews.kz