Мұнайдағы жемқорлықтың «көкесі» кімдер?

0

Маңғыстаудағы мұнай базаларының бірі үш жыл бүрын мұнай трейдерінің біріне келісімшарт бойынша өзінің мұнай қоймасын ұсынған. 2017 жылы екі тарап қол қойып, кейін мұнай иегерлерінің арасында кикілжің басталады да, құқыққорғау органдары трейдерге ерекше назар аудара бастайды.

Бұл туралы әлеуметтік желіде тараптардың біріне заңгер болып келетін Дмитрий Братусь мәлімдеді.

Мұнай сақталатын резервуарлар сол бойда сот шешімімен мөрленіп, қожайындары бұғатталған мүліктің сақталуы мен бүтіндігі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны ескертіледі.

«Тергеу барысында мұнай базасының басшылығына қысым көрсетілді. Мөрленген қоймалардан өз тауарын алып шығарда трейдер бұл сұрақты «өзі шешетінін» айтқан. Алайда, кейін оған органнан хабар келіп, тауарды жіберу туралы бұйрық түседі. Тауарды сақтаушы бұған мән бермей, бұғатты алып тастау туралы шешімді талап еткен. Бұл талап өте орынды. Өйткені, мұнай базасы сотпен бұғатталған болса, тек сот шешімімен ғана бұғатты шешуге болады. Басқаша мүмкін емес», — дейді заңгер.

2019 жылдың желтоқсанында Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот мұнай базасының шағымын қанағаттандырып, трейдерден шамадан тыс сақтағаны үшін айыппұл бөлігін өндіреді. Осы орайда, мұнай трейдері де сот шешімімен келісіп, Жоғарғы соттан кассациялық өтінішхатты қайтарып алған. Алайда, өзінің қарыз екенін біле тұра, ол қарызды қайтаруға асығар емес. Одан бөлек, трейдер сот актісінің орындалуына кедергі келтіруде.

«Ол өзінің активтерін біздің сот орындаушымыздан жасырады деп есептейміз. Ол есеп беруден тайқып отыр. Сот процесі кезінде қарызданушы өзінің бұрынғы басшыдаларын – бас директор мен оның екі орынбасарын, бас есепші мен қағаз жүзіндегі компания иегерін үлестес кредиторлар ретінде іске тартуды сұрады. Ал мұнай трейдері өзінің бұрынғы қызметкерлері алдындағы 200 миллионға жуық жалақы қарызын сот орындаушыларына белгісіз қаржы көздері арқылы жапқан», — дейді заңгер.

Оның сөзінше, сот кезінде ол өз активтерін алматылық компаниядан атауы бірдей ақтаулық компанияға ауыстырған. Алайда, бұғатталған мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстыра алмады, деді заңгер.

Осы орайда, заңгер миллиардтаған ақшаны жөнсіз пайдаланғаны үшін неліктен іс қозғалмайтынына таң қалады.

«Келісім кезінде қулық жасағысы келген адам орта жолда тоқтамас еді. Дау-шар кезінде «Н-Таир» деп аталатын белгісіз ЖШС пайда болды. Бұл ұйым 1,44 миллиард теңге мен бұғатталған мұнай және мұнай өнімдеріне үміткерлер қатарында. Тіпті, тиісті келісімшарттарды көрсетті. Бірақ бұл келісімдердің барлығы да жалған екенін Маңғыстау облыстық ауданаралық және облыстық сот растады. Бір қызығы, аталған ұйым өзінің заңды мекен-жайын жиі ауыстырады. Бірде Ақтауда, енді бірде Нұр-Сұлтанда. Енді Шымкентте келді. Бұлар нені жасырғысы келеді? Өкініштісі сол, бұл іс кезекті рет заңды қызығушылықтарды қорғау ұйымдарының әлсіз екенін көрсетті», — дейді Дмитрий Братусь.

Маманның айтуынша, «Н-Таир» құрылтайшысы бұрын Маңғыстау облысындағы қаржы полициясы бөлімшелірінің бірін басқан.