Мұхтар Жәкішев: «Жаңа өндірісті іске қосып, жұмысорындарын ашамын» — Қазақстан жаңалықтары

0

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев бүгін тікелей эфирге шығып алдағы жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

мухтар джакишев

«Менің жоспарларым, сауалдарым көп. Бұл менің бірінші эфирім, бірақ бұйыртса әлі шығып тұрамын. Бірінші кезекте денсаулығымды тексеріп, қан қысымымның әрі-бері «секіруін» себебін табуым керек. Мен физикпін ғой, себебін тапқан да сияқтымын, енді оны дәрігерлермен талқылауым керек. Одан кейін бұл саладағы жақсы дәрігерлермен денсаулығымды жөндеуім керек. Әрине, жоспарлар бар, бірінші кезекте өзіме таныс сала энергетика саласын дамыту», — деді Жәкішев. 

«Мен бір түс көріппін, қызым ол туралы әлеуметтік желілерде жариялады. Жапонияның энергетика министрімен, ол кісі шағымданып жатыр. 11 жылда неге мұндай түс көріп отырмын деп таңғалдым. Бірақ ояна сала осы саланы дамыту туралы жоспарымды жазып, қызыма кездесу кезінде бердім. Одан кейін қызыма аударып жапондық тарапқа беруін сұрадым. Қызыммен кездесуге бір бума қағаздарды апара жатқанымды көріп қатты таңғалды, қан қысымы қатты әсер етіп кетті ма дегендей. Бірақ хаттарым Мацуки мырзаға жетіпті, ол кісі Hitachi компаниясында жұмыс істейді екен. Ол өз кезегінде энергетика министрлігінде істейтін әріптестерін беріпті. Бұған дейін мен бар білген білімімді салдым ол жоспарға», — деген ол 11 жыл түрмеде өткізген жылдары соңғы оқиғалардан кеш хабардар болғанын айтады. 

«Фукусимадағы апат туралы да сотталып отырғанда құлағдар болдым. Мен атом энгергетикасының болашағы қор деп ойлаймын. Әлем энергетиканың көп пайдаланып жатыр, сондықтан тек сұраныс артып жатыр. Еуропада да атом энергетиикасы «жасыл энергетика» концепциясына енген. 
Бізде адамдар толыққанды ақпаратқа ие болмай, қорытынды шығарады. Қазір жұмыс істеп жатқан атомэлектрстанциялары өткен ғасырда, 60-ншы жылдары салынғандар», — деді Мұхтар Жәкішев. 

«Қазақстанда АЭС салған дұрыс па? Көп электр станциялары кеңес үкіметінде салынған. Көмір электр станцияларының эксплутациясына тек 20-25 жыл рұқсат етілген. Әрине, олар жөндеуден өтеді, бірақ осы мерзім – рұқсат етілген жұмыс уақыты. Бізде елде энергетика жетпей жатты, елдің кейбір өңірі энергетикасыз қалды. Сонда Балхашта АЭС салу туралы ұсыныс айтылған. Біздің елге энергетиканың тым көп өндіретін АЭС-тер керегі жоқ, өйткені халық тығыздығы жоғары емес. Бәлкім қазір энергетикаға деген сұраныс өскен шығар. Сондықтан бізге шағын үш электрстанция қажет. Бұл барлық қажеттілікті өтеп, электр жарығының арзандауын әсер етеді», — деп пікірін айтты Мұхтар Жәкішев. 

stan.kz