9 сәуір шаралар: Нұр-Сұлтан, Алматы

0
9

Аңдатпа

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Sputnik Қазақстан 9 сәуірде болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 10-16 сәуір аралығында не жоспарланғанын біле аласыз (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көп адам қатысатын барлық шараға уақытша тыйым салынды. Алматы мен астана және бірқатар өңірлер карантинге жабылды. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың отырыстары онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар жайлы хабардар етеміз.

9 сәуірге жоспарланған шаралар

09.00 – Сенат отырысы өтеді.

15.00 – «Театральная живопись Гульфайруз Исмаиловой» мультимедиялық дәрісі. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі әзірлеген (трансляция музейдің Facebook және Instagram-дағы ресми каналында жасалады).

19.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің залдарына видео-экскурсия жасалады (трансляция музейдің Facebook және Instagram-дағы ресми каналында жасалады).

10 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Кармен» операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

11 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 – «Астана Опера» театрының гала-балеті. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

21.00 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әртіс Ерлан Рысқали мен танымал қобызшы Ақерке Тәжібаеваның «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясындағы онлайн-концерті («Қазақтелеком» АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).

12 сәуірге жоспарланған шаралар

18.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Дон Карлос» операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

21.00 – Эстрада және опера әншісі Толқын Забированың «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясындағы онлайн-концерті («Қазақтелеком» АҚ-ның Youtube-каналында көрсетіледі).

15 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Шопениана», «Шехерезада» күміс ғасыр балеттері. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

16 сәуірге жоспарланған шаралар

19.00 – «Астана Опера» театры сахналайтын «Абай» операсы. Tengrinews.kz/tv/ каналында онлайн-трансляция жасалады.

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz