Мұхтар Шаханов қазақстандықтарға маңызды үндеу жасады — ВИДЕО

0
Мұхтар Шаханов

«Қазір өте күрделі кезең. Ел болған соң әртүрлі жиындар, тойлар болып жатыр. Солардың бәріне қатыса берудің қажеті жоқ» деді ақын Мұхтар Шаханов. Ақн корнавирус індетіне байланысты қазақстандықтарды той-томалаққа бармауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде жүріп жатқан коронавирус індетіне байланысты әрбір адам бойындағы құндылықтардың барлығы өзгеруі керек. «Сақтансаң сақтаймын» деген. Сондықтан мүмкіндігінше үйде болыңыздар», — деді ақын.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мұхтар Шаханов дәрігерлердің қамқорлығының арқасында аман-есен үйіне оралғанын жазған едік. Шілде айында ақынның өкпесі қабынған еді.