Мұхамедиұлы өзінің даусын салып, басы дауға қалған жас жігіт туралы айтып берді
Қысқа сілтеме алу
Министрдің даусын айнытпай салатын жігіт Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті екен
АСТАНА, 19 ақпан – Sputnik. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің даусын салатын жас жігіт туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Бір талантты жігіт бар, үнемі менің даусымды салады. Қандай да бір жанжалды жазып жүреді. Мен полицейлерге жүгініп, «Оны ұстай аласыңдар ма?» дедім. Ұстады», — деді Мұхамедиұлы министрліктің кеңейтілген алқасынан кейін.
Ұсталған жігіт Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті екен. Оқудан шығып қалған.
«Міне, осындай қызықтар болып тұрады», — дейді министр.
Арыстанбек Мұхамедиұлы ішкі істер министріне жүгінді
Айтунша, жас жігіт өзін полицей ретінде, жоғары шенді шенеунік ретінде де таныстырып, талай рет атын шығарған.
Мәдениет министрі сөзін бөлген ақынға ашуланды
sputniknews.kz