Әділ Дүйсенбек | өмірбаяны

0

Әділ Дүйсенбек — 1942 жылы 24 мамырда Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласының жанындағы «Жас өркен» ауылында туған. 1961 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түсті. 1964—1967 жылдары әскер қатарында болып, әуе десантында қызмет етті. Әскери міндетін өтеп келген соң, университеттегі оқуын одан әрі жалғастырып, 1969 жылы бітіріп шықты. Университеттің соңғы курсында жүріп республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне кіші әдеби қызметкер болып орналасты. [1]Содан бері үзіліссіз осы басылымда еңбек етті. Бөлім меңгерушісі, редакция алқасының мүшесі болған. Қазір Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінде редактор болып қызмет етеді.