Мөлдір Әуелбекова қымбат көлігін бұрынғы күйеуі тартып алғанын айтты

0

Әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі сыйлаған көлікпен жол апатына ұшырағанын айтты, деп хабарлайды kznews.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ол жол апатына түсіп, аман қалғанын Instagram-да жазған.

«Мен айдаған Bentley бар емес пе еді? Сомен жол апатына түсіп қалдым. Алла сақтап, дін аманбыз», — деп жазды Әуелбекова.

Бірақ оқиға мұнымен аяқталмаған. Әуелбекова бұрынғы күйеуі апаттан кейін сыйға тартқан көлігін тартып алғанын айтты. Оған қоса, көлікті жөндеу үшін қомақты қаржы талап еткен.

«Бұл Bentley-ді маған сыйлаған еді. Енді, осы жол апаты үшін сыйлаған адам алып қойып, оның үсітне алдын жөндетуге 5 миллион теңге ақша талап етіп отыр. Сұмдық! Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы деген осы екен», — деді Әуелбекова.

Кейінірек, өнерпаз арнайы жазба жариялады.

«Кешегі мен түскен ДТП жайлы сторисімді қарап, жағдай сұрасып, қолдап жатқандарыңызға рақмет. Негізі, түбінде бұл жерде мәселе сол темір немесе 5.000.000 тг де емес қой… Мені қыңжылтып тұрғаны, көлікті маған сыйлаған қызымның әкесіне: «аварияға түсіп қалдым» — дегенде, «өзің амансың ба, тірісің ба» — деп сұрауға шамасы келмеді… «Қай жерін соқтың, қатты соқтың ба, қанша тұрады білесің бе сен» — деп темірін сұрап әлектенді… Айтарға енді басқа сөзім жоқ. Соңғы нүктесі осы. Аллаға тапсырдым. Алла әділ. Реттейді. Тек сабыр мен уақыт керек. Осымен бұл тақырып енді жабық!» — деп жазды әнші.