Мөлдір Әуелбекова отбасымен далада қалған күндерін айтып, көзіне жас алды (видео) — новости Казахстана
Мөлдір Әуелбекова осыдан үш жыл бұрын алаяқтарға алданып, отбасымен далада қалған күнін еске алды. Әнші ата-анасы мен бауырларын асырау үшін босануына бір ай қалғанша тоқтаусыз жұмыс істеген деп хабарлайды «Шыны керек» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Рас, далада қалдық. Мен отбасымда әкем, анам, әпкем төрт баласымен, інім мен келіншегі, олардың екі баласы және мен (ред: әнші тұрмысқа шықпай тұрып) жалпы 13 адам далада қалдық. Отбасының барлық мүшесіне өзім жауапты болғандықтан, тез жинақталдым», — деген әнші 1,5 жыл бойы қарызын өтеу үшін жұмыс істегенін де жасырмады.
«Сол кезде үлкен қаражатты қарызға алдым. Доллардың 185 курсымен алған қарызымды 365 курспен қайтардым. 1,5 жыл бойы тек қарызымды өтеу үшін жұмыс істедім. 13 адам көршінің екі бөлмелі сарайында тұрдық. Осылай екі айдың ішінде үйді салып, ішіне кіріп алдық.
Желтоқсанның 2-і күні үйге кірсек, 4-і күні менің ұзатуым болды. Менің құдалығым, ұзатуым барлығы қарызға жасалған дүние. Содан бала көтерген уақытта да сегіз ай бойы тоқтамай жұмыс істедім», — деп ағынан жарылған әнші эфирде жылап қалды.
Айта кетейік, Мөлдір Әуелбекова өзінің бұрынғы күйеуінің өзіне қайта хабарласып, баласының туған күнін бірге атап өтуді сұрағанын айтып берді.
Сондай-ақ әнші арада болған даудан соң продюсері Баян Алагөзовамен қайта татуласқанын да жасырмады.
Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар