Боксшы қарсыласын бір соққымен құлатты

0
Боксшы қарсыласын бір соққымен құлатты


Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Харлем Юбенк (6-0, 2 КО) тамаша нокаутпен жеңіске жетті. 

Британиялық проспект кіші Крис Юбенктің туысқан інісі екенін айта кетейік. Англиядағы York Hall орталығында өткен бокс кешінде Юбенк болгариялық Петар Александровпен (3-5, 2 КО) жұдырықтасты.

Екінші раундта британиялық сол жақтан ұрған соққысы (хук) қарсыласына дәл тиіп, жылдың ең үздік нокауттарының біріне айналды. Есінен танған болгариялық біразға дейін есін жимады. 

Бұған дейін болгариялық боксшы карьерасында нокдаунға да түсіп көрмеген екен. БАҚ мәліметінше, Петар соққыдан ауыр зиян шекпеген және денсаулығына қауіп жоқ. 

Дереккөз: vesti.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз