Мөлдір Әуелбекова ар-намысына тиіп, даттаған әйелді сотқа берді

0

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова ар-намысына тиіп, даттаған әйелді сотқа берді, деп жазады kznews.kz сайты.

«Құрметті rita.sartbaeva, Сізді ресми түрде сотқа бергенім жайлы хабарлаймын! Әр сөзіңіз үшін жауап бересіз! Парақшаңызды өшіріп атын ауыстырып немесе маған шығып кешірім сұраудың қажеті жоқ. Бұл жолы соңына дейін апарамын. Шеттен шықтыңыздар! Шыдамның да шегі бар!» — деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.