Мөлдір Әуелбекова 15 жылда алғаш рет берген концертін дүркіретіп өткізді (фото) — новости Казахстана

Белгілі әнші, эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова Астанада «Туған ел» атты ән кешін өткізіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Орталық концерт залына келген астаналықтардың санында шек болған жоқ деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Соңғы 15 жылда алғаш рет ән кешін өткізген Мөлдір Әуелбекова концерт бойы өзінің репертуарындағы танымал әндерді орындады.

Фото: NUR.KZ
Әнші кеш бойы түрлі образдармен көрермендерді таң қалдырумен болды. Эстарада жұлдызы бір әнінде қазақ қызының образында шырқаса, келесі бір әнін күлгін қызғылт түсті көйлекте орындады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Белгілі әнші концерт барысында «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблімен бірге аспапта ән сүйемелдеп те, көпті таң қалдырды.

Фото: NUR.KZ
Көпшіліктің сүйікті әншісі Мөлдір Әуелбекова Төреғали Төреәлі және Мейрамбек Басбаевтермен дуэт орындап, көпшілікке танымал «хит әндерді» айтты.

Фото: NUR.KZ
Айта кетерлігі, Мейрамбек Бесбаев аталған концертке құр алақан келмеген екен. Ол Әуелбековаға алқызыл түсті гүл шоғын сахнада сыйлап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Фото: NUR.KZ
Кеште сондай-ақ, әншінің өзі жетекшілік ететін «Назар» тобы да өнер көрсетті.

Фото: NUR.KZ
Көпшілікке әсіресе, әншінің ұлына арнап орындаған «Балапаным» атты әні қатты әсер берді. Олар ыстық ықыластарын аямай, ду қол шапалақтаумен болды.

Фото: NUR.KZ
Айта кетерлігі, кешке келген қонақтардың қатарында Мөлдір Әуелбекованың әкесі де болды.

Фото: NUR.KZ
Концертке келушілердің қатары көп болғаны соншалық, залда ине шаншар орын болған жоқ.

Фото: NUR.KZ