Мьянмадағы наразылықты басу кезінде 100-ден астам адам өлді

Сурет: interfax.ru
27 наурыз күні Мьянма қалаларындағы шеруді тарату кезінде 102 адам көз жұмды.
Зиян шеккендердің арасында 5-15 жас аралығындағы 4 бала бар.
Ақпан айының басынан бастап Мьянмада наразылық басылмады. Мемлекет басшысы Вин Мьин мен мемлекеттік кеңесші Аун Сан Су Чжи ұсталды.
Елде бір жылға төтенше жағдай жарияланды.