Митингтегі фото, гүл сыйлаған қыз

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Елордадағы заңсыз митинг кезінде түсірілген кішкентай қыздың суреті қазақстандықтардың жүрегін елжіретті

НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр – Sputnik. Заңсыз митинг кезінде кішкентай қыз полиция қызметкеріне гүл сыйлаған. Осы сәтті қыздың анасы фотоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялапты. Сурет бірден қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Желі қолданушылары жас ана баласына төнген қауіпке қарамастан, митингіге қатысты деп ойлап, айыптаған. Алайда оқиға барысы мүлдем өзгеше болып шықты. Кішкентай қыздың анасы, журналист Саяжан Досжанова фотоның қалай түсірілгенін айтып берді. Ол суретке халық осыншалықты қызығушылық танытатынын күтпеген екен. 

«Пабликтердегі адамдар менің есім дұрыс емес деп айтып жатты. Олар «баласын митингіге апаратындай, есінен адасқан ба, қауіпке қарамастан, «хайп» іздеді» деп жазды», — дейді Саяжан Facebook-тегі жеке парақшасында.

Ол астанадағы Республика мен Уәлиханов көшелерінің қиылысында тұрады екен. Саяжанның айтуынша, ол кішкентай қызымен сайлау учаскесіне дауыс беруге бара жатқан. Бірақ дәл осы маңда митинг басталып кеткен. 

Тағы оқыңыз: Балаларды неге батутқа апаруға болмайды?

«Жолда қызым гүл жинады. Ол бақбақ гүлін жұлып, полицейлерге апарып берді. Қызым екі жаста. Бала ғой, бәріне бірдей мейірімді. Ол қолындағы гүлдерді бір-бірлеп ОМОН қызметкерлеріне тарата бастады. Осы сәтті фотоға түсіріп алайын деген ой келді. Фотоның тарихы осындай», — дейді Досжанова.

Қазақстандағы президент сайлауы

Еске сала кетсек, кеше, 9 маусымда Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясы сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Nur Otan партиясы атынан сайлауға түскен Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Тағы оқыңыз: Заңсыз митингіге шыққан 500-дей адам ұсталды 

Сайлауға қазақстандықтардың 77,4% қатысқан. Елімізде 11 947 995 тұрғынның дауыс беру құқығы бар.

Сондай-ақ,  кеше Нұр-Сұлтан мен Алматыда заңсыз митингтер өтті. Полиция тәртіп бұзған 500-ге жуық адамды ұстады.



sputniknews.kz