Мінсіз мүсін: Арық әйелдердің 10 әдеті

0
Мінсіз мүсін әр әйелдің арманы. Бірақ бұл көпшіліктің қолынан келмейді. Ал арық әйелдердің өз құпиясы бар. Ендеше біле жүріңіз.


 
1. Олар ұйқысын қандырады
Олар ертерек жатып, күніне кем дегенде 8 сағат ұйықтауға тырысады. Немесе түстен кейін балаларымен бірге демалады. Сол себепті де ұйқының дефицитін олар көп тамақпен толтырмайды. Үнемі ұйқысы қанбайтын адамдар ағзаға жетіспейтін энергияның орнын тамақпен толтыруға тырысады.

2. Ол өз ләззатынан бас тартпайды
Олар тамақтан ғана емес, өмірдің әр саласынан ләззат алады. Олар саяхатқа шығады, достарына уақыт табады, сүйікті хоббилері бар. Өзіңізді қуантатын осынша қызық барда десертсіз-ақ өмір сүруге болады.
 
3. Олар ешқашан қатаң диетада отырмайды
Олар қатаң диетамен ағзаларын шаршатпайды. Сондықтан не жегілері келсе соны жейді, бірақ мөлшерден артық жемейді.
 
4. Олар асықпайды
Олар асықпай тамақтанады. Тамақтану процесінің өзінен ләззат алады.

5. Олар өз қажеттіліктерін біледі
Олар күніне бірнеше мәрте, аз порциядан тамақтанады.

6. Олар ашыққанда ғана тамақтанады
Олар дәмді ас көрсе аузына сала бермейді немесе достарымен отырғанда дастархандағы тәттілерді бірге жей бермейді. Олар достарының көңілі үшін лимонмен су ішуі мүмкін.
 
7. Олар таза өнімдерді таңдайды
Сүт, ірімшік, йогурт, сары май. Олар осындай табиғи өнімдерді тұтынады.
 
8. Олар қозғалысты жақсы көреді 
Олар көп жаяу жүреді, шаңғы тебеді, бимен айналысады. Олар таңертең төсекте керіліп жатпайды, жылдам тұрып кетеді.
 
9. Олар күйзеліспен күресе алады
Олар күйзеліске бой алдырмайды. Медитация жасайды, жан-жүректерін тазартады. Көңіліне келген нәрсені ішінде сақтамайды.
 
10. Олар өз-өздерін ұстай алады
Олар кез келген жағдайды өз қолына ала алады. Артық салмақ қосқанын сезсе өздерін дереу тамақтан тыяды.

Дереккөз: Сегодня

Дереккөз: http://reactor.inform.kz