Головкиннің отбасында тағы бір атқамінер дүниеге келді

0
Спорт

Қысқа сілтеме алу

18 0 0

Қазақстандық боксшының он жасар ұлы мен екі жасар қызы бар

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Бокстан орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен әйелі Алина отбасының тағы бір сәбимен толығуын атап өтіп жатыр.

Геннадий Головкиннің отбасында тағы бір атқамінер дүниеге келді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

«Қазақстан бокс федерациясы Геннадий Головкинді ұлының дүниеге келуімен құттықтайды! Геннадий мен оның отбасына зор денсаулық пен береке тілейміз!» — деп жазылған бокс федерациясы таратқан хабарламада.

2009 жылы Головкиннің отбасында ұл бала, 2017 жылы қыз бала дүниеге келді. Боксшының ұлы Лос-Анджелесте хоккеймен айналысады және осы спортта әзірдің өзінде көптеген жетістікке жетіп жүр.

Естеріңізге сала кетсек, GGG 2018 жылдың 15 қыркүйегінде Лас-Вегас қаласында жекпе-жек өткізіп, мексикалық Сауль Альварестен жеңіліп қалған еді. Бұл — оның карьерасындағы алғашқы жеңілісі. Головкин шаршы алаңға наурыз-сәуір айларында оралады деп жоспарланып отыр.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/