Министрлік полицейлердің жалақысы қашан өсетінін айтты — новости Казахстана

0

Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Руслан Дәленов ішкі істер органдары қызметкерлері үшін жоспарланған жалақы өсіміне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: vistanews.ru

Фото: vistanews.ru

Күні кеше мемлекет басшысы Ақордада ішкі істер органдарын жаңғырту мәселелері бойынша кеңес өткізіп, тәртіп сақшыларын қайта аттестаттаудан өтетінін, артынша олардың жалақысы көтерілетінін айтқан.

Осыған байланысты тілшілер Руслан Дәленовтен полицейлердің жалақысы қашан өсетінін және қатардағы қызметкерлер, сержанттар мен офицерлік құрамнан, сондай-ақ, генералдардан кім қосымша ақы алатынын сұрады.

«Қазір Қаржы министрлігі есеп жүргізуде. Сома мерзімі анықталып жатыр», — деді Дәленов мәжіліс отырысында.

Ал жалақы дәл қай уақытта көтеріледі деген сұраққа бірінші вице-министр: «Ол да анықталып жатыр. Бірақ, биыл емес екені анық«, — деп жауап берді.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар