Қостанай облысында құс фабрикасы өртенді

0
Қостанай облысында құс фабрикасы өртенді


«Агроинтерқұс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс базасында өрт шықты.

Өрт Арқалық қаласынан 10 шақырым жердегі Айдар ауылында болған.

«Агроинтерқұс» ЖШС аумағында жеке тұрған құс базасы өртенді. «Bigdocman», «Salmac» маркалы арнаулы қондырғының транспортер таспалары жанған. 290 шаршы метрді (ғимараттың ауданы -1404 ш.м.) шарпыған. Сондай-ақ газ баллоны жарылып, соның дүмпуімен база қабырғасының шамамен 15 шаршы метр келетін артқы бөлігі опырылып түскен», — деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Ведомствоның хабарлауынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, Өрт тұтанған кезде базада құстар болмаған. Өрт жөніндегі материал Арқалық қаласының полиция басқармасына берілді. Материалдық залалдың көлемі әзірге белгісіз, тексеріс жүріп жатыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат