Home Жаңалықтар Министрлік арзан дизель отыны туралы ақпарат берді

Министрлік арзан дизель отыны туралы ақпарат берді

0
52

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Биыл көктемгі егіс жұмыстарын уақытында атқару үшін ақпан-маусым айларына 387 мың тонна дизель отыны бөлінді

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров көктемгі егіс жұмысына арзан дизель отынын жеткізу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, биыл көктемгі егіс жұмысын уақытында атқару үшін ақпан-маусым айларына 387 мың тонна дизель отыны бөлінді. Ал мемлекет басшысы шаруаларға жанар-жағармайды арзан бағамен жеткізуді тапсырғаннан кейін энергетика министрлігі 1 сәуірден бастап мұнай өңдеу зауыттарында бір тонна дизель отынының орташа бағасын 174 000 теңге деп бекітті. Бір литрі үшін 144 теңге.

«Операторлардың орташа шығынын ескере отырып, сәуірде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін республика бойынша баға литріне 165 теңгені құрайды, ол нарықтық бағадан 
13-15%-ке арзан. Мәселен, жанар-жағармай станцияларында бір литрі 188 -190 теңгеден сатылады», – деді Сапаров бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, 8 сәуірдегі жағдай бойынша 387 мың тоннаның 119 мыңына келісімшарт жасалды. Осы уақытқа дейін 103,4 мың тоннасы тиелді.

«Арзандатылған отынды ашық бөлу бойынша да жұмыс жүргізілуде. Министрлік пен әкімдіктер бұл мәселені жіті бақылауда ұстап отыр», – деп атап көрсетті Сапаров.



sputniknews.kz