Министр жауап берді: Теңгенің құлдырауына байланысты жәрдемақы мен зейнетақы мөлшері көтеріле ме?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов инфляция мен теңгенің құлдырауына байланысты жәрдемақылар мен зейнетақы қайтадан индексациялана ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Министр зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыға жыл сайын индексация жасалатынын атап өтті. Ал доллар мен азық-түліктің қымбаттауына байланысты әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту мәселесіне қатысты нақты шешім қабылданған жоқ.
«Барлық шешім негізделген және теңдестірілген болуға тиіс. Әлемдегі жағдайға байланысты жедел штаб құрылды, ол ахуалға баға береді. Шешімдер жағдайға қарай қабылданады. Әзірге бұл мәселе ашық», – деді министр үкімет кулуарында.
Айта кетейік, 1 сәуірден бастап зейнетақы қорында қалуы тиіс жеткілікті шектің сомасы өзгереді.