Елбасының кенже қызы Әлияның компаниясы 20 млрд теңгені заңсыз аударғаны белгілі болды

0

Елбасының кенже қызы Әлия Назарбаеваға қарамағындағы «Оператор РОП» ЖШС Қарағандыдағы автомобиль утилизациясымен айналысатын зауытқа 20 млрд теңгені заңсыз аударған, деп хабарлайды kznews.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Arasha.kz 5 жыл утильалыммен айналысықан «Оператор РОП» ЖШС-ның қалай жұмыс істегенін тексеріп жатқан құқық қорғау органдарының алғашқы мәлімдемесін жариялаған. Олардың айтуынша, Назарбаеваның қарамағындағы компания Қарағандыдағы автомобиль утилизациясымен айналысатын зауытқа, дәлірек айтқанда «Recycling Company» ЖШС-не 20 млрд теңгені заңсыз аударған.

Қазіргі таңда «Оператор РОП» ісі бойынша бірнеше жауапты адам қамауға алынған. Олардың бірі – украиндық Светлана Коротенко. Коротенко 2016-2019 жылдар аралығына «Оператор РОП» ЖШС-н басқарған.

Айта кетсек, Светлана оған дейін шығармашылықпен айналысқан. Ол Ақан Сатаевтың «Анаға жол» фильмінде продюсер болған. Ал фильмнің бас продюсері – Әлия Назарбаева.