Министр: «Жасөспірімдер арасындағы суицид тағы бір өзекті проблема болып тұр» – Қазақстан жаңалықтары

0
1

Елімізде биыл 58 бала өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Бұл туралы бүгін ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

суициддд

«Жасөспірімдер арасындағы суицид тағы бір өзекті проблема болып тұр. Жыл басынан бері 58 бала өз-өзіне қол жұмсап өмірден өтті және 137 бала суицид жасауға тырысты. Бұған қоса, жасөспірімдер арасындағы барлық суицидтің жартысы төтенше жағдай кезеңінде орын алған. Яғни, олардың себебі негізінен, отбасылық проблемамен байланысты болып отыр», – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сондықтан қазіргі таңда әлеуметтік желілерде балалар құқығын қорғау мәселесі жиі көтеріледі, бірақ өкінішке орай ол тек сөзден іске көшпей отырғанын баса айтты.

«Бүгінгі мүмкіншілікті пайдалана отырып, қоғамдық қозғалыстарды, үкіметтік емес ұйымдарды өсіп келе жатқан буынымыздың қорғалуын қамтамасы ету, отбасы институтының рөлін арттыру үшін күш біріктіруге шақырамын», – деді министр.
 

stan.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз