Министр түлектер кеші туралы айтты
Қысқа сілтеме алу
Күләш Шәмшидинова мектеп бітіру кешіне артық ақша шашудың қажеті жоқ екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір – Sputnik. Түлектердің мектеп бітіру кеші тек мектеп аумағында өтуі тиіс. Бұл туралы білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Бұл мәселе жыл сайын көтеріледі. Бұрыннан келе жатқан жақсы бір дәстүр бар: түлектердің кештері мектеп аумағында өтеді. Онда мұғалім мен оқушы, түлектер арасында шынайы, емен-жарқын әңгіме болады. Бірақ, өкінішке қарай, соңғы кезде мектеп бітіру кештері бәсекеге айналды», — дейді министр үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Шәмшидинованың пікірінше, түлектердің кеші тек мектеп қабырғасында өтуі тиіс және оған артық ақша шашудың еш қажеті жоқ. Сонымен қатар, ол ең бастысы ата-аналар мен мектеп басшылығы балалардың қауіпсіздігіне баса назар аударуы керек екенін атап өтті.
Тағы оқыңыз: Спортшыларды тестілеуден босату ұсынылды
«Сондықтан біз кешті тек мектеп аумағында өткізу қажет деп санаймыз. Аста-төк той жасаудың қажеті жоқ, қымбат көйлек те ешкімге керек емес. Мектеп бітіру кеші сәнді киімдерін көрсетіп, бір-бірімен жарысу үшін жасалмайды. Балалар мен ата-аналардың жанға жылу сыйлайтын кездесуі болуы тиіс», — деп санайды білім министрі.
sputniknews.kz