Түркістан облысында 20 жылдық мектеп түлектері көпбалалы сыныптасына үй салып берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Түркістан облысы Шардара ауданында 20 жылдық мектеп түлектері көпбалалы сыныптасының отбасына үй салып берді.

Түркістан облысында 20 жылдық мектеп түлектері көпбалалы сыныптасына үй салып берді

Қоссейіт ауылынының 20 жылдық мектеп түлектері ақша жинап, көпбалалы отбасына баспана салып берді. Онымен бірге әкімдікпен келісіп, үйге су мен жарық орнатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ-ке сілтеме жасап Stan.kz.

«Көпбалалы сыныптасымыздың отбасына қолдау көрсетейік дедік. Анастасиямен бірге оқыдық. Ол 9 баланың анасы. Көмекке мұқтаж отбасы. Ауыл азаматтары осылай көмек жасап жатырмыз», — дейді сыныптастары.

Андрей мен Анастасия Волокитинде 9 бала тәрбиелеп отыр. Отағасы ауыл тұрғындарының техникалық заттарын жөндейді. Әйелі мен балалары түрлі жұмыстар істеп, ақша табады. Осы уақытқа дейін ауылда пәтер жалдап тұрған.

Сыныптастары баспананың іргетасынан бастап өздері салды. Баспананы тапсыру салтанаты кезінде отбасыға газ плитасы мен кілем сыйға тартты. 

Қайырымды іске мұрындық болған ауыл азаматтарына әкімдік алғыс хат табыстап, ризашылығын білдірді. 

Ауыл әкімі баспаналы болған отбасыға кілем сыйлады. 

stan.kz