Миллиондаған өтемақы талап еткен дәрігерлер шағымына Біртанов жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Коронавирус жұқтырып алған Алматы қалалық орталық клиникасының дәрігерлері денсаулық сақтау министрлігінен миллиондаған өтемақы талап етіп отыр. Ал Біртановтың дәрігерлерге айтар өз уәжі бар. Бұл туралы туралы өзінің Фейсбук парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Біртанов өзінің отставкаға кетуін талап еткен резденттерге: Жауап беруге дайын болыңыз

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы қаласының орталық қалалық клиникалық ауруханасындағы жағдай бойынша штаб кеңесін өткізді. Мұнда коронавируспен 200-ден астам қызметкер ауырған. Ведомство басшысы ауырған дәрігерлермен онлайн-әңгімелесті.

«Кеше таңертең бас сарапшылар мәселенің мән жайын тыңдады. Алматы орталық ауруханасындағы дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруын тағы да бір рет егжей-тегжейлі талқыладық. Штаб қорытындысы бойынша мен әріптестеріммен онлайн кездесуге шешім қабылдадым. Кешке осы клиниканың дәрігерлерімен әңгімелесіп, туындаған мәселелерді тыңдап, сындарлы сұқбаттастық»,-деп хабарлады денсаулық сақтау министрі.

Кеңеске Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, Алматы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, кәсіподақ ұйымдарының өкілдері және аурухананың медицина қызметкерлері қатысты.

«Аурухана қызметкерлері өтемақы төлеуді талап етіп, өз шағымдарын айтып пост жазды. Онда індетті жұмыс кезінде емделушілерден жұқтырғанын айтқан. Осыған байланысты, аурухана қызметкерлері өтемақы алуға үмітті екенін жеткізген. Біз олардың жазған әрбір пунктін бөлшектедік», — деп атап өтті Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі осы мәселелер құзырында тұрған әкімдік пен қалалық денсаулық сақтау министрлігіне еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 129 бұйрығына назар аударуды ұсынды.

«Бұйрықта комиссияларды құру бойынша барлық өкілеттіктер беріледі, олар алдыңғы қатарлы медиктерге төленетін төлемдер бойынша мән-жайларды, жұмыс орнында жұқтыру фактілері бойынша үстемеақыларды зерделейді және қорытынды шешім шығарады», — дейді Біртанов. 

Осы комиссиялардың шешіміне сәйкес төлемдер ұйымдастырылады. Содан кейін COVID-19 жұқтырғандардың тізімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жіберіледі.

Тәуелсіз комиссияның құрамына: әкімдік өкілдері, қаланың бас санитарлық дәрігері, денсаулық сақтау басқармасы, Nur Otan партиясының, медицина қызметкерлерінің мүддесін білдіретін үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

«Қоғамдық пікір көшбасшыларын, журналистерді пікірталасқа қатысуға шақырамын. Бұл жағдайды шешу кезінде ең бастысы транспаренттілік сақтау», — деді Біртанов.
Министр егер медиктер коронавирусқа байланысты карантинде болса, олар кіріс көзін жоғалтпауы тиіс екенін айтты. 

Комиссия төрағасы комиссия мүшелері арасынан көп дауыс жинағаны сайланады, ол әкім орынбасарынан төмен емес лауазымды атқаруы тиіс.

«Осы комиссияның шешімі бойынша ғана төлемдер жасалатын болады», — деп нақтылады Біртанов.

Денсаулық сақтау министрі жергілікті атқарушы орган мен денсаулық сақтау басқармасының әріптестеріне медиктерге қиын уақытта олардың мәселесін тез арада шешу туралы өтініш білдірді.

Сонымен қатар, науқас дәрігерлер вирусқа қарсы костюмдердің жоқ екенін мәлімдеді.

«Вирусқа қарсы костюмдер мәселесі бойынша жақын арада тексереміз. Аурухана басшылығы өз медицина қызметкерлерін жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті», — деді Біртанов.
Сөз соңында министр әріспестеріне үндеу жасады:

«Комиссия шешімінің нәтижесі шыққанша сабыр сақтауды сұраймын. Сіздер карантинде жатсыздар, жақсылап ем қабылдаңыздар. Өз денсаулығыңызды күтіңіз және барлық сақтық шараларды қолданыңыз! Сіздер елімізге қажетсіздер», — деді Елжан Біртанов.

 

stan.kz