тест тапсырған қазақстандықтар саны жарияланды

0
12

Сынама тапсырғандар саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Бұдан соң тізімде астана мен Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. 13 наурыз бен 1 мамыр аралығында қанша қазақстандықтың COVID-19 сынамасын тапсырғаны белгілі болды.

Мемлекеттік комиссия шұғыл штабының ақпаратына сәйкес, бұл аралықта коронавирус сынамасы  268 534 рет тапсырылған. 1 мамырда 19 007 тест жасалды.

Сынама тапсырғандар саны бойынша Алматы көш бастап тұр. Бұл қалада 44 065 адам тест жасаған. Елордадада бұл көрсеткіш – 37 773. Қарағанды облысында 18 833 тұрғын ағзасында вирус бар-жоғын анықтаған. Бұдан соң тізімде Павлодар (16 254), Ақмола облыстары (14 463).

Еске сала кетсек, қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда 3 551 адамның Covid-19 жұқтырғаны расталды. 899 адам аурудан айықты, 25 адам көз жұмды.



sputniknews.kz