Миллиардтан астам: Елорда әкімдігі ірі көлемде ақша жымқыру ісіне ілікті

0

Елорда әкімдігінің де аты ірі көлемде ақша жымқыру ісіне ілікті.

Бас қала басшылығына қарасты мердігер ұйымдар мемлекеттік сатып алуда миллиардтан астам бюджет қаражатын ұрлаған. Мұндай былықты Қаржылық бақылау агенттігі анықтаған. Бұл туралы КТК жазды.

Агенттік таратқан ресми мәлімдеме әзірге тек қолды болған бюджет қаражатының шамалас көлемін ғана жариялап отыр. Қазір осыған қатысты бөтеннің сеніп тапсырған ірі көлемдегі мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу бабымен қылмыстық іс қозғалған. Бұдан артық мәлімет тергеу құпиясы деп айтылмай отыр.

Тікелей президентке бағынатын агенттік жыл басында ғана құрылған. Арада ай өтпей, ірі жемқорлық дерегін ашып отыр. Салыстыру үшін айтсақ, бұл қаражатқа 300 орындық балабақша салуға немесе қымбат бағалы медициналық жабдықтар алуға болады екен. Ал елорда әкімдігі бұл былыққа қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.