Миллиардердің баласы жалдамалы пәтерде тұратынын айтты – фото
https://sputniknews.kz/images/1191/37/11913735.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/Russia/20200130/12694626/milliarder-balasy-foto.html
Оның әкесі бар жиған-тергенін қайырымдылыққа беруді жоспарлап отыр. Сондықтан баласы әкесінің қаражатына сенбей, өзі қызмет етіп жүр
НҰР-СҰЛТАН, 30 қаңтар — Sputnik. Ресейлік миллиардер, «Альфа-групп» басшыларының бірі Михаил Фридманның ұлы жалдамалы пәтерде тұратынын айтты. Александр Фридман Мәскеудің шетінде айына 30 мың рубльге (180 мың теңгеден астам) пәтер жалдап, метромен жүреді.
Оның әкесі бар жиған-тергенін қайырымдылыққа беруді жоспарлап отыр.
«Мен әкемнің байлығы маған қалмайтынын біліп өстім», — деді Александр Фридман Bloomberg-ке берген сұхбатында.
Өткен жылы 19 жастағы Александр Лондондағы мектепті тәмамдаған. Осыдан бес ай бұрын өзінің дистрибьюторлық компаниясын ашты. Сондай-ақ, оның мәскеулік мейрамханаларға тауар мен кальян жеткізетін компаниясы бар.
sputniknews.kz