Меруерт Түсіпбаева күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін айтты

0

Меруерт Түсіпбаева күйеуімен не үшін ажырасып кеткенін айтты

Әнші, актриса Меруерт Түсіпбаева «Клип шоу» бағдарламасына сұхбат беріп, күйеуімен не себепті ажырасып кеткенін айтып, жан сырын ақтарған.

«Менің екі бейнебаяныма менің күйім түскен. Ол өзі түскісі, танымал болғысы келді. Біз қарапайым студенттер болдық. Бірақ мен аяқ астынан атақты болып кеткенде күйеуім мұны көтере алмады. Біраз мәселелер болды арада. Сегіз жыл бірге тұрып, ажырасуға шешім қабылдадық. Мен ажырасу керек деп шешім қабылдадым. Әрі қарайғы өмірімді мүлде Болатпен бірге елестете алмадым.  Себебі менің ер азаматқа деген өз талаптарым болды. Ал ол менің талаптарыма сай келмеді. Екі адамның деңгейі бір-біріне сай келмеген соң ажырасып кетеді. Сондай себептермен біздің бірге тұруымыз мүмкін болмай қалды»-дейді әнші.
 
Бірақ әнші ажырасқаннан кейін қиналғанын, соның нәтижесінде «Ақ жауын» әні дүниеге келгенін айтқан. Кейін ол отбасылы ер азаматқа ғашық болып, «Мұңым менің» деген әнін жарыққа шығарған. Бірақ ол адамның отбасы болғандықтан, шаңырағын шайқалтпауды жөн көрген.

Дереккөз: http://reactor.inform.kz