Меруерт Түсіпбаева Алматы әкімінің орынбасарына: Шерхан Мұртаза ағаларымыз тірі болса, әкеңнен боқтар еді
Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қала дәріханаларында дәрі жоқ деген бос сөз деп қысқа қайырды. Бұл хайп жасаушылардың дауы деп ақталды. Алайда оған қарсы шыққан желі қолданушылары көп. Шенеуніктің сөзі Меруерт Түсіпбаеваның да ашуын келтірді.
Бұған дейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев дәріханаларда дәрілердің жетіспеушілігі мәселесі жоқ деп ақталған еді. Бұл хайп қуған жандардың жалған жанайқайы деген мәлімдеме жасады.
Бұл сөзге қарсы шыққандардың қарасы көп. Ал, ашуға булыққан әнші Меруерт Түсіпбаева желіде арнайы жазба қалдырды.
«Осындай дүбәралар қайдан келеді?? Космостан ба?? Бізге мұндай орынбасардың не керегі бар??? Босатсын орнын!!! Халықтың мұң-зарын естімесе, не істеп отыр мынау?! Президент айтпақшы, тағы бір гламур?! Ағатай, менің қалай дәрі іздеп, үш есе қымбат бағаға сатып алғанымды менен сұра. Жақындарың тұншығып жатса көрер едім, хайповать еткенді?! Эй!!!! Тұяқбаев Сапарбек Құрақбайұлы!!! Жерге түс!!! Әттең, Шерхан Мұртаза, ағаларымыз тірі болса, боқтар еді, әкеңнен…. Казір сендерді орнына қоятын ағалар да қалмады», — деп жазды Меруерт ханым желіде.
https://www.instagram.com/p/CCnT2ngBNmS/?utm_source=ig_embed
«Космостан емес, өзі сондай зауыт бар Қазақстанда. Адамның бейнесіне ұқсатып шығаратын. Тәрбиелейді жақсылап, сызылған сызықтан шықпайтындай етіп», «Барлығын жинап айдалаға апарып тастау керек осыларды», «Аш бала, тоқ баламен ойнамайдының кері бұл», «Елдің қамы емес қара басы қатыны қара қазанның қамымен жүргендер. Қайран Дінмұханбет атамыз болғанда», «Халықтың мұң,мұқтажын,қал жағдайын білгісі келмейтін адамдар осындай қызметке лайық емес», — деп жазды желі қолданушылары.
stan.kz