Мерекені бірге тойлаған: Оралда 8 наурызда мектеп оқушылары сыныптасын зорлаған — Қазақстан жаңалықтары

0

Оралда Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қатарластары тоғызыншы сынып оқушысын зорлады. Аталған фактіні Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының тұрғыны 75 жастағы зейнеткерді зорлағаны үшін жазаланды

8 наурызда оқушының ата-анасы мерекені достарымен бірге атап өтуге рұқсат беріп, ал өздері кетіп қалған. Нәтижесінде бірнеше жігіт қызды зорлаған.
«Іс кәмелетке толмағандармен байланысты болғандықтан, біз ол туралы прокуратураның келісімінсіз айта алмаймыз. Барлық қажетті ақпарат ертең, 12 наурызда қолжетімді болады», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, зорлау фактісі қалалық білім бөлімінің басылымында да жанама түрде расталды. Осылайша, тәрбие бөлімінің бас маманы Жазира Рысқалиева осы оқиғадан кейін Орал мектептерінде өткізілетін іс-шаралар туралы хабарлады.

«Қаланың барлық мектептерінде біз 3 сәуірге дейін барлық параллель сыныптарда ата-аналар жиналысын өткіземіз. Біз бұл жағдайды нақты қозғамаймыз, бірақ ата-аналарға олардың балаларының қауіпсіздігіне қатысты түсіндіреміз. Мысалы, оларға балаларға осындай іс-шараларға рұқсат берудің қажеті жоқ, қалта шығындарын беру туралы түсіндіретін боламыз. Жиынға мектеп инспекторлары, медиктер мен психологтар қатысады», — деді маман.

stan.kz