Батыс сарапшылары кім жеңімпаз болатынын айтты

0
14

Соңғы күндері дүниежүзілік қара алтын нарығындағы жағдай дүрбелең тудырды. Мұндай жағдай 1991 жылы АҚШ Иракқа басып кірген кезде болған еді

Ресей өндірісті қысқарту туралы ОПЕК-пен келісім жасаудан бас тартқаннан кейін Сауд Арабиясы өз мұнайының бағасын алпыс долларға дейін арзандатты. Сейсенбіде Эр-Рияд ақпанмен салыстырғанда өндірісті 26%-ке арттыруға ниетті екенін айтты.

«Сауд Арабиясының мемлекеттік мұнай-газ компаниясы сәуірде корольдік ішіндегі және одан тыс жерлердегі тұтынушыларына шикі мұнайды жеткізу көлемін тәулігіне өндіріс қуаттылығын 300 мың баррельге арттыратынын хабарлады. Бұл күніне 12 миллион баррель», – деді Saudi Aramco атқарушы директоры әл-Амин ан-Насер.

Салдарынан нарықта сұраныс пен ұсыныс арасында үлкен үйлесімсіздік пайда болады. Эр-Рияд бұл жағдайға Мәскеуді кінәлі деп санаса, батыс сарапшылары басты кінәлі Сауд Арабиясы деп отыр.

«Сауд Арабиясының Ресеймен келісімі өндіріс көлемін күніне тағы 1,5 миллион баррельге арттыруға бағытталды. Өзін кіші серіктес санамайтын Мәскеу осыған ашуланды», – деп жазды British Financial Times.

Айта кетейік, өткен бейсенбіде ОПЕК 2020 жылдың соңына дейін күніне 2,1 миллион баррель өндірумен қатар, қосымша 1,5 миллион баррель мұнай өндіруді қолдайтынын мәлімдеді. Жұма күні Мәскеу бұл ұсынысты қабылдамай, күніне 2,1 миллион баррель мұнай өндіру туралы келісімді наурыздың соңына дейін ұзартуға дайын екенін айтты. Алайда ОПЕК қолданыстағы келісімді ұзартудан бас тартты.

«Сауд Арабиясы ірі ойыншылардың арасындағы ынтымақтастықты арттыру арқылы мұнай нарығындағы позициясы мен кірістерін сақтаймын деп үміттенді. Ал қазір бұл жағдайда керісінше әрекет етуді дұрыс деп санайды. Яғни, Мәскеу мен АҚШ-тың «қайсысы бірінші болып ойыннан шығады» ойынын ойнап, жеңіске жетемін деп санайды», – деп жазды Bloomberg агенттігінің шолушысы Дэвид Фиклинг.

Оқи отырыңыз: Мұнай бағасы қанша болғанда Қазақстан экономикасына қауіп төнеді

Ал Zerohedge аналитикалық басылымының негізін салушы Тайлер Дарденнің айтуынша, ОПЕК біраз жылдан бері дағдарысқа ұшырады және картельдің түбегейлі құлауынан Ресейдің «өзінің геостратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін қызмет көрсетуге дайын» екендігі ғана ұстап келді. Алайда Мәскеу мұнай экспорты альянсын шексіз сақтап отыруға дайын емес.

Оның айтуынша, өз күшін көрсету үшін өте ыңғайлы уақытты таңдады. «Ресейдің Ресей болғаны үшін батыс аяусыз шабуыл жасап жатыр. Кремль Иран, Ирак, Сирия, Украина, Йемен, Венесуэла, Ауғанстандағы әрекеттері үшін АҚШ-қа соққы жасады. Енді Путин Ресейдің жақтастары Қытай, Иран, Ирак және Сирияға қатысты АҚШ-тың әскери саясатын қорғаған Вашингтон және ОПЕК елдерінен жеңілдік алады», – деп жазды ол.

Ресейдің дайындығы

Chesapeake Energy акциялары 27,5%-ке, EOG – 35%-ке, Continental Resources – 40%-ке, Diamondback Energy 44,6%-ке, Marathon Oil – 47%-ке, Apache және кіші ойыншылардың үлесі 50%-тен төмен түсіп кетті.

«АҚШ-тың тақтатас секторы құлдырап жатыр. Миллиардтаған қаражат капиталдан жойылды», – деді Bloomberg тілшісі Хавьер Блас.

«Бағаның күрт төмендеуі америкалық тақтатас өндірісі қиын жағдайда тұрған сәтпен тұспа-тұс келді», – деп жазды Financial Times.

Дәстүрлі мұнай-газ компаниялары да құлдыраудан қашып құтыла алмады. Олар: Exxon Mobile 12,2%-ке, Шеврон  15,3%-ке, Occidental Petroleum 44%-ке құлдырады. British British Petroleum акциялары бір күнде 20%-ке төмендеді.

Салыстыру үшін, ресейлік өндірушілердің акциялары сейсенбіде 12-14%-ке төмендеді. Батыс сарапшыларының пікірінше, мұнай бағасының төмендеуіне Ресей жақсы дайындалған.

«Ресей компанияларының өндіріс шығындары өте аз. Салықты есептемегенде мұнай баррелінің бағасы 20 доллар шамасында. Қазір ресейліктер келісімшарттың басым бөлігін доллармен емес, рубль, юань, евромен жасайды. Бұл валюта тәуекелін азайтады», – деп жазды Тайлер Дарден.

Расында да, Ресейдің қаржы министрілігінң мәліметіне сәйкес, ұлттық қордың қаржысы мұнай бағасы барреліне 20-30 доллар болып тұрған жағдайда бюджет шығынын 6-10 жыл бойы өтеуге жетеді.



sputniknews.kz