МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ КҮЙ СЫЙЛАДЫ | «Айқын» газеті

0
87

«Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясындағы кезекті шара Қарасай ауданындағы балаларға арналды.

Партияның Қарасай аудандық филиа­лының төрағасы, аудан әкімі Жандарбек Далабаев балаларға арнап Жаңа жыл мерекесін өткізіп, шырша тойына жинал­ған балдырғандарға сыйлықтар тап­сырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Биылғы Жаңа жыл мерекесі «Апорт» ойын-сауық кешенінде ұйымдастырылып, балалар тамаша концертті көріп, өздері де өнерлерін паш етіп, ән айтты, би биледі. Шарапатты шараға арнайы шақы­рылған қонақтар ізгі тілектерін жау­дырып, келе жатқан жылдың табысты болатынына сенім білдірді.
«Құрметті балалар! Жаңа жыл мерекесі сендерге тек жаңа жетістіктер, мерейлі мүм­кіндіктер әкелсін. «Нұр Отан» пар­тиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында ұйымдас­тырылып отырған осындай шаралар жыл бойы жалғасын табады. Келер жылы нұр­отандықтар 20 жылдық мерейтойын атап өтпек. Сендер де осы партияда қызмет ететін аға-әпкелеріңе ізгі ниет, тілекте­ріңді білдірулеріңе болады. Үлгілі оқушы, озат ұрпақ болатындарыңа сенемін», – деді аудандық филиал төрағасы Жандарбек Далабаев.
Балалар атынан сөз алған Руслан Яковчук: «Бүгін біз үшін ұмытылмас сәт, ерек­­­ше мерекелі күн болып отыр. Мен өзім көптен күткен сыйлығыма қол
жет­­кіз­­­дім. Нұротандықтарға осындай қам­қор көңіл, шынайы пейілдері үшін риза­мын», – деп құрбы-құрдастарының алғы­сын жеткізді.
Мерекелік кеш ән шашуға, қызықты ойын­дарға ұласты. Аяз ата мен Ақшақар ба­ла­лардың көңілін одан ары көтеріп, шат-шадыман күйге бөледі.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы

Дереккөз: Айқын