Мерекеге орай құттықтаулар

0
132

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Тәуелсіздігі күніне орай шет мемлекеттер мен үкіметтер басшыларынан құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсуде.

Германия Федеративтік Рес­­публикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Мем­лекет басшысын құттық­тап, зор денсаулық пен аман­дық, ал Қазақстан халқына – бей­­біт өмір мен жарқын бола­шақ тіледі.

«Ұзақ жылдар бойы Қа­зақ­стан мен Германияны сенімді ынтымақтастық байланыстырып келеді. Сіздердің елдеріңіз өңірде маңызды рөл атқарады және Германияның Орталық Азиядағы ірі сауда серіктесі болып саналады. Қазақстанның осы жылдың басында БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі елдеріңіздің халықаралық деңгейде де өзіне жауапкершілік алуға дайын екенін тағы да дәлелдеді», делінген жеделхатта.

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ер­до­ған жолдаған хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуел­сіз Қазақстан тарихындағы рөлін айрықша атап өткен.

«Біз Қазақстанның еге­мен­дік алған сәттен бастап халықаралық аренада қол жет­кізген табыстарына, сондай-ақ елдеріңіздің дамуы мен өркен­деуінің нәтижелеріне қуана­мыз әрі мақтан тұтамыз. Бұл же­тістіктер Түркі әлемінің ақыл­маны саналатын Өзіңіздің сындарлы саясатыңыздың нәтижесі екені сөзсіз. Сіз жаһанда бей­біт­шілік пен тұрақтылық орнату ісіне үлес қоса беретініңізге, Қазақстанның халықаралық беделі одан әрі арта түсетініне сенімдімін», – делінген Түркия Республикасы Президентінің жеделхатында.

Иран Ислам Респуб­ли­ка­сы­ның Президенті Хасан Руха­ни құттықтау хатында мем­лекеттеріміздің игілігі жолында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

«Сізді және Қазақстан Респуб­ли­ка­сының халқын Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен шын жүректен құт­тық­таймын. Екі халықтың игілігі жолын­дағы өзара ынтымақтастығымыз те­реңдей түседі деп ойлаймын», де­лінген жеделхатта.

Беларусь Республикасының Прези­денті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құт­тықтап, жауапты мемлекеттік қыз­меті­не жаңа табыс, ал Қазақстан азаматтарына бейбіт өмір мен бақыт тіледі.

«Елдеріңіз экономикада, әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Қазақстан Еуразия ке­ңіс­тігіндегі қауіпсіздікті нығайту, қақ­ты­ғыстарды шешудің тиімді тетіктерін әзірлеп, оны жүзеге асыру ісіне зор үлес қосып келеді.

Беларусь пен Қазақстан арасын­дағы өзара сенім мен табысты ын­ты­мақтастыққа негізделген стратегиялық қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі белсенді дами беретініне сенімдімін», делінген жеделхатта.

Өзбекстан Республикасының Пре­зи­денті Шавкат Мирзиёев жеке өзінің және Өзбекстан халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және барша қазақстандықты Тәуелсіздік кү­німен құттықтады.

«Қазақстан заманауи, бәсекеге қа­білетті әрі қарқынды дамып келе жатқан мемлекет ретінде экономикалық, тех­нологиялық, әлеуметтік және мәде­ни-гуманитарлық салалардағы зор жетіс­тіктерімен әлемдік қоғамдастықта лайықты орын алып отыр.

Біз Сізді халықаралық деңгейде мойындалған мемлекет қайраткері, іскер әрі талантты реформатор, Қа­зақ­стан халқының көшбасшысы ретінде құрметтейміз», делінген Өзбекстан Рес­публикасы Президентінің жеделха­тында.

Тәжікстан Республикасының Пре­зиденті Эмомали Рахмонның хатында екі ел арасындағы көпжақты стратегиялық өзара ықпалдастықтың қазіргі деңгейіне жоғары баға беріледі.

«Сіздердің елдеріңізге жасаған ресми сапарым барысында қол қойылған құжаттар және оларды іске асыру жө­нін­дегі бірлескен күш-жігеріміз елдері­міз бен халықтарымыздың мүдде­леріне сай келеді. Бұл Тәжікстан мен Қа­зақ­станның өзара тиімді ынтымақтас­тығына тың серпін береді деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Қырғыз Республикасының Пре­зи­денті Сооранбай Жээнбеков жеке өзінің және Қырғызстан халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Тәуелсіздік жылдары ішінде Қа­зақстан Сіздің басшылығыңызбен зор жетістіктерге жетті. Өзіңіз бастамашы болған ауқымды мемлекеттік рефор­малар елдің әлеуметтік-экономи­калық өсіміне, халықтың әл-ауқатын арт­тыруға және Қазақстанның халық­аралық аренадағы беделін нығайтуға септігін тигізді», делінген жеделхат­та.

Армения Республикасының Пре­зиденті Армен Саркисян өзінің хатында екі мемлекет арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың және нығайтудың маңыздылығына тоқталды.

«Біз бірлесе күш жұмылдырудың арқасында елдеріміздің мемлекетаралық іс-қимылының тиімділігін арт­ты­руға, сауда-экономикалық және мә­де­ни-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға, Армения мен Қазақ­стан арасындағы көпжақты ынтымақ­тас­тықтың әлеуетін толық пайдалануға жол ашамыз деп ойлаймын», делінген Армен Саркисянның хатында.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Халифа бен Заид әл-Наһаян, Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид әл-Мактум, Әбу-Дабидің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид әл-Наһаян өздерінің жеделхаттарында Мемлекет басшысын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, барша Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

Корея Республикасының Пре­зи­­денті Мун Чжэ Ин Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын ұлт­тық мерекемен құттықтады. Корея Республикасының Президенті өзі­нің жеделхатында: «Қазан айында өт­кен АСЕМ саммитінде елдеріміз ара­сын­дағы қатынастарды одан әрі дамы­туға мүдделілік танытқанымызға қуаныш­тымын», деп атап өткен.

Бахрейн Королі Хамад бен Иса әл-Халифа өзінің құттықтау хатында Нұрсұлтан Назарбаевтың дана бас­шылығымен Қазақстанның одан әрі дами беруіне ниеттестік білдіріп, ыстық ықыласын жеткізеді.

Алжир Халық Демократиялық Рес­пуб­ликасының Президенті Әбдел Әзиз Бутефлиқ өзінің хатында Қазақстан халқына бақ-береке тілеп, өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірді.

Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулга Нұрсұлтан Назарбаевты Тә­уел­сіздік күнімен құттықтай отырып, мемлекетаралық байланыстарды кеңейтуге және өзара қарым-қаты­настарды тереңдетуге мүдделілік танытты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай өз құттық­тауларын Мысыр Араб Республи­ка­сы­ның Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Сингапур Республикасының Пре­зиденті Халима Якоб, Үндістан Рес­пуб­ликасының Президенті Рам Натх Ковинд, сондай-ақ Таиланд Король­дігінің Премьер-министрі генерал Прают Чан-Оча жолдады.

Дереккөз: http://egemen.kz/