«Менімен ғана дуэт айтады»: Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаева екеуінің арасында не бар екенін айтты

0

Отандық танымал әнші Нұрлан Әлімжанов өнердегі әріптесі Әйгерім Қалаубаева екеуін не байланыстыратынын ашып айтты. Ел алдына бірге көп шығатын өнер иелерін халық арасында қосып жатады, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

Нұрлан Әлімжанов Әйгерім Қалаубаева енді тек өзімен ғана дуэт жазатынын кесіп айтты. Оның себебін әнші «1001 түн» бағдарламасында түсіндірді. «Екеумізге қатысты толығырақ ақпаратты кейінірек айтатын боламын. Оны ән арқылы, бейнебаян арқылы, болашақта түсірілетін кино арқылы түсінесіздер. Бізде қазір үлкен жоба басталды. Бұл той үшін жаза салатын әндер емес. Есті әндер, мән-мағынасы бар, халыққа рухани мұра болып қалатын дүниелерді жасап жатқан жайымыз бар. Енді осы жоба басталғалы ол тек менімен, мен онымен ғана дуэт айтатын боламыз. Сондай шешімге келдік. Бұған жоба ретінде қарап жатырмыз. Өнердегі жұлдызды жұптардың қатарын толтырамыз», — деді өнер иесі.