«Мені ешкім ұстаған жоқ»: Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары мәлімдеме жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Мамунов өзінің ұсталғаны туралы ақпарат шыққаннан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Руслан

«Мен, Мамунов Руслан Маратұлы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, БАҚ және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға қатысты мынаны  мәлімдеймін: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары және «Ақтөбе» ӘКК басшысы лауазымындағы менің қызметіме қатысты қандай да бір тергеу іс-шараларын өткізіп жатқан жоқ», деп жазды шенеунік өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ол өзінің төрт жыл бұрынғы оқиға қатысты куәгер екенін атап өтті.

«Мені ешкім ұстаған жоқ, мен жұмыстарыммен Нұр-Сұлтан қаласында жүрмін, менің бостандығыма қатысты ешқандай шектеулер жоқ», — деді  Руслан Мамунов.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары өзінің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жарияланымдарға тоқталып, істің шынайылығы мен дұрыстығын тексермей, осы ақпаратты жариялап, таратқандарға қатысты сотқа жүгінетінін мәлімдеді.

Бұған дейін БАҚ-та Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарының ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған болатын. Шенеунікті пара алған жерінде полиция қызметкерлері қолға түсірді деп хабарланған.

stan.kz