«Менен жасы кіші»: Алтынай Жорабаева екінші күйеуінің кім екенін өзі айтып берді — Қазақстан жаңалықтары
Алтынай Жорабаева екінші жолдасы жайлы айтып берді. Әншінің айтуы бойынша, ол өзінен жас кіші жігіт. Өнер әлемінен алыс.
Бұл туралы әнші желідегі парақшасында айтты.
«Қайырлы күн, қымбаттыларым! Міне, жүзік тағылды. Жолдасым ел алдында ұсыныс жасап, жүзікті таққысы келген жоқ. Себебі ел алдында жүрген адам емес. Өнерден алыс адам. Оның үстіне орыс мінзеді. Мінезі ауыр, әрі ұялшақ. Сондықтан оны да түсіну керек деп ойлаймын. Бастысы қыздарыма жақсы әке блып жүр. Маған қарағанда қыздарым осы жігітпен бірге болуымды қалады. Маған жзған тілектерініңге рахмет! Сіздерге еселеп қайтсын!. Ел алдында жүрген өнер иесі болған соң әр қадамымың сынға түсіп отырады. Сол себепт қысқаша айта кетейін дедім. Жолдасым Қостанайды жігіт. Руы Арғын», — деді әнші.
Желі қолданушылары жолдасы екеуіні бірге түскен суретін жариялауды сұрайды. Бірі бақыт тіледі. Енді бірін той мәселесі қызықтырды.
«Екі жаста тұрған ешнәрсе жоқ, бастысы сізді түсінсе болғаны», «Бұрын отбасы құрған ба? Жақсы танисыз ба?», «Қостанайды келіні болыпсыз ғой», «Сіз бақытты болыңызшы», «Орамалыңыз құтты болсын, той бола ма?», — деп жазды олар.
Айта кетейік, Алтынай Жорабаев сүйіктісімен түскен суретін жариялап, екінші рет тұрмысқа шығатынын мәлімдеген еді.
stan.kz