Түнгі уақыттағы жұмыс үшін қандай жағдайда қосымша ақша төленетіні айтылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейінгі уақыт түнгі жұмыс уақыты болып саналады. Бұл уақытта кәмелеттік жасқа толмағандар мен жүкті әйелдер жұмыс істемеуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Түнгі уақытағы жұмыс мереке немесе демалыс күніне түссе, қосымша ақша төленеді. Бұл туралы Алматыдағы кәсіподақтар орталығының төрайымы Зәуреш Өмірбаева мәлімдеді. 

«Еңбек кодексінің 110-бабына толықтыру енгізілді. Оған сәйкес, түнгі жұмыс уақыты мереке немесе демалыс күніне түссе, түнгі сағаттағы жұмыс үшін қосымша төлем жасалады», – деді ол баспасөз мәслихатында.

Еңбек кодексінде түнгі уақыттағы жұмыстың әр сағаты үшін еңбек шарты немесе ұжымдық келісімшартқа, жұмыс беруші актісіне сәйкес, жоғары деңгейдегі төлем жасалатыны жасылған.

Мереке немесе демалыс күндегі жұмыс үшін қосымша төлем бір күндік жұмыс еңбекақысының кемінде 1,5 есе көлемінде төленеді.

Сағат 22:00-ден таңғы 6-ға дейінгі уақыт түнгі жұмыс уақыты болып саналады. Бұл уақытта кәмелеттік жасқа толмағандар мен жүкті әйелдер жұмыс істемеуі керек. 

Бұған дейін президент «Кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Науқас отбасы мүшесін күтіп отырған қызметкерлер толық емес жұмыс күні режиміне көшу құқығына ие болды.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз